Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан әкімінің кубогы үшін Сарысу ауданы мекеме және кәсіпорын қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Жарысқа 15 команда қатысып, бақтарын сынады. Тартысты өткен аяқ доп додасында үздік қақпашы, үздік ойыншылар анықталды.
Сонымен қатар 1-ші орын «Қаратау» тау-кен өңдеу кешеніне, 2-ші орын аудандық спорт мектебіне, 3-ші орын «ЕвроХим» ЖШС-нің командасына бұйырды.
Аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев жарыстың басы-қасында болып, құттықтау сөз сөйлеп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар мен дипломдар, медалдар табыс етті.