2020 жылы Жамбыл облысы әкімі Б.Сапарбаевтың бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы Мойынқұм ауданында да қолға алынған болатын. Биыл Құмөзек ауылы, Жиенбаев көшесіндегі №14 үйдің құрылысы қайта қолға алынып, бүгінгі таңда үйдің қабырғасын көтеру жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады “ZhambylNews” АА.
Айта кетейік 2020 жылы үйдің ірге тасы құйылып, қабырғасы жартылай көтеріліп, демеушілер тарапынан шатырына асбест шифері берілген болатын.
Ауыл әкімі тарапынан құрылысқа қажетті құм, саз түсіріліп, жұмысшы күшімен көмек берілуде. Құрылыс жұмыстарының барысы аудан әкімінің бақылауында.