Талас ауданында 3372,5 тонна мал мен құс еті өндірілген

0 10

Аудан бойынша «Меркі» ет комбинатына «Көктал» ЖШС – 22,2, «Мирас» шаруа қожалығы 1,6 тонна қозы етін өткізсе, жыл басынан бері мал бордақылау алаңдарында ауданның шаруашылық құрылымдары 198 бұқашық өткізіпті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің айтуынша, бүгінде ауданда мүйізді ірі қара – 35044, қой-ешкі – 481868, жылқы – 14705, түйе 2505-ке жетсе, үй-құстары да аз емес, 38266-ға жеткен. 56 мыңға жуық халқы бар аудан үшін бұл төрт түлік аз емес, әрине. Мал басы жыл сайын өсіп келеді. Малдан алынып жатқан өнім де мол екен.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарының күшімен 3372,5 тонна мал мен құс еті, 1788 тонна сүт, 728 мың дана жұмыртқа өндірілген. Аудан бойынша «Меркі» ет комбинатына «Көктал» ЖШС – 22,2, «Мирас» шаруа қожалығы 1,6 тонна қозы етін өткізсе, жыл басынан бері мал бордақылау алаңдарында ауданның шаруашылық құрылымдары 198 бұқашық өткізіпті.

Ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын орындау үшін «Әулиеата» несие серіктестігі ЖШС арқылы үш ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 19,2 миллион теңге несие берілген. «Агробизнес» бағдарламасын орындауда Ойық ауылдық округіндегі «Анай-Көшкей» шаруа қожалығы 4,2 миллион теңгеге 17 мүйізді ірі қара мал, «Ердәулет» шаруа қожалығы 5 миллион теңгеге 100 бас қой сатып алған. Мұнымен қоса, мал алу үшін екі шаруа қожалығы құжаттарын өзтікзіп, комиссия қорытындысын күтіп отыр екен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.