Т.Рысқұлов ауданында аула ойындарынан жарыс өтті

0 15

Бүгін Т.Рысқұлов ауданында Мемлекеттік Рәміздер күніне орай аула ойындарынан жарыс өтіп, оған 9 ауданнан келген 150-ден астам әуесқой спортшылар қатысты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

«Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қоғамдық сананы жаңғыртып, бұқаралық спортты дамыту үшін ұйымдастырылып отырған сайысқа 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер спорттың 5 түрінен (асық ату, ләңгі ойындары, қалашық, орта доп және секірмемен секіру) бақ сынады.

Жамбыл облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл спорттық фестиваль Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған командарларға диплом және алғыс хаттар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.