Сарысу ауданында ауыл шаруашылығы өнімі 2,5 есеге артқан

0 23

Сарысуда 2000 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 886 млн. теңгені құраса, биыл 4 айда 2,72 млрд. теңгеге жетті. Бүгінде бұл 2,5 есеге дейін өскенін көрсетеді. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңындағы брифингте аудан басшысы Марат Сұлтанғалиев айтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Егін шаруашылығы да қарқынды дамуда. Ауданда 3,136 млн. гектар жер бар, оның 600 мың гектарға жуық ауыл шаруашылық алқабы, ішінде 24,2 гектар егістік алқабы құрылымдарына берілген. Биылғы жыл өнімі үшін 6100 гектар жаздық арпа, 1150 гектар көпжылдық шөптер, 270 гектар көкөніс, 360 гектар бақша және 40 гектар картоп дақылдары жоспарға сәйкес толығымен егілді.

Марат Сұлтанғалиев мал шаруашылығы маңызды сала екенін айтып, мемлекеттік қолдау арқасында төрт түлік малда өсім барын айтты.

«Ауданда 2021 жылдың 4 айында мүйізді ірі қара — 23 672 басқа, қой-ешкі – 3,9 басқа, жылқы – 7,8 басқа, түйе – 2 602 басқа, құс – 23 183 басқа жетті. Бұл көрсеткіш өткен жылдың осы уақытысымен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 991 басқа, қой-ешкі – 10 571 басқа, жылқы — 726 басқа, түйе – 268 басқа, құс – 936 басқа артып отыр» — деді аудан басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.