Таласта түйе шаруашылығы дамып келеді

0 2

Талас ауданы — Жамбыл облысындағы түйе, қой шаруашылығы дамыған өңір. Мұнда жыл өткен сайын төрт- түлікпен айналысушыларға мемлекеттік қолдау да артып келеді. Оның үстіне былтыр басталған қауіпті індетке байланысты ауданда түйе мен бие сүтіне деген сұраныс көбейген. Сондықтан шаруалар Ойсылқара тұқымын ұстауға кірісіпті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Таластық шаруалар жүзден астам түйе ұстап, кәсіптің нәсібін тауып отыр. Оның үстіне өткен жылдан бері шұбатқа деген сұраныс арта түскен. Қазір бота боздап, қой қоздап жатқан уақыт. Сондықтан, ауыл еңбеккерлері де тынымсыз жұмыс істеуде. Түйе малы екі жылда бір рет төлдейді. Биыл төлдету науқанының үстінен түстіңдер дейді шаруа.

Қаратау қаласының маңында орналасқандықтан түйе ұстайтын шаруаларға шұбатты өткізуге, дайындауға қолайлы. Өздерінің бірнеше дүкендері де жұмыс істейді. Карантин кезінде ағарған ішу үшін бүгінде тұрғындардың көбісі осында ат басын бұрады. Ауыл еңбеккерлері түйені «Даму» қорынан несие алу арқылы сатып алыпты.

Ұлттық сусында өндіріп, өз өзімізді шұбатпен қамтамасыз етеміз деген шаруаларды мемлекет жан жақты қолдауды алдағы уақытта да жалғастыра береді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.