Сарысу ауданында кіші футболдан республикалық турнир өтті

0 9

Сарысу ауданында Еңбек Ардагері Түгелбай Жаманқұловты еске алуға арналған 2009-2010 және 2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында кіші футболдан 3 күнге созылған республикалық ашық турнир өз мәресіне жетті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жарысқа 14 команда қатысты. Атап айтқанда, Атырау облысы, Түркістан облысы, Таукент -2009, Таукент-2011, Жамбыл ауданы, Шу ауданы #36 спорт мектебі, Шу ауданы #39 спорт мектебі, Талас ауданы, Меркі ауданы, Жаңатас- 2009, Жаңатас- 2010, Жаңатас- 2011, Жаңатас- 2012 командалары.

2009-2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында Республикалық турнирдің жеңімпаздары Жаңатас қаласындағы #26 БЖСМ құрамасы атанды, күміс жүлдегер Түркістан облысы Таукент құрмасы иеленсе, турнирдің қола жүлдесін Шу ауданынан келген #39 Спорт мектебінің құрамасы қанжығасына байлады.

2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында чемпион атанған Жаңатас-2011 құрамасы. Екінші орынды Жамбыл ауданы және үшінші орын иегері Шу ауданындағы #36 Спорт мектебі. Аталған Республикалық турнирдің үздіктер қатарында Жаңатас қаласының 4 аяқ допшылары көзге түсті. Олар: Жаңатай Алихан (үздік ойыншы), Ділдәбекұлы Әли (үздік шабуылшы)
Нұрман Бекнұр (үздік қорғаушы)
Әділхан Нұрзат (үздік ойыншы).

Турнирдің Үздік ойыншыларын Сарысу ауданының құрметті азаматы, Футзалдан УЕФА чемпиондар лигасының жүлдегері, ҚР бірнеше дүркін жеңімпазы, Халықаралық дәрежедегі Спорт шебері Серік Жаманқұлов марапаттады.

Жарыстың Жүлдегерлері мен жеңімпаздарын Сарысу ауданы әкімі Марат Сұлтанғалиев және Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Айбол Әлжаппарұлы марапаттады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.