Қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттыру мәселесі қаралды

0 2

Бүгін Тараз қаласы әкімі Ержан Жылқыбаевтың төрағалығымен қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелердің директорларымен кеңес өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жиынға қала әкімінің орынбасары А.Есеналиев, «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-ның төрағасы Н.Көрпетаев, «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-ның директоры М.Әлімбетов сондай₋ақ, қоғамдық көлік тасымалдаушы мекемелердің директорлары қатысты.

Кеңесте қаладағы қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын арттыру, қоғамдық көліктерді жаңарту және басқа да өзекті мәселелер қаралды.


Қала әкімдігінің ТЖКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы З.Тұрсынұлының берген есебі бойынша, бүгінде Тараз қаласында 34 бағыт бойынша күнделікті 270 бірлік шамасында автобус қызмет көрсетуде. Қалалық бағыттардағы автобустарға төлем қабылдайтын 319 стационарлы валидатор және 390 мобильді терминалдар орнатылған. Жалпы саны 149 528 дана бірыңғай және 29 359 дана оқушы карталары сатылған.

Автобустарды жаңарту, көліктерді табиғи газға көшіру, автобустардың тазалығы, жүргізушілер мен жолсеріктердің қызмет көрсету мәдениеті және жолда жүру ережелерін сақтау мәселелері – өзекті күйінде қалуда. Осыған орай, қала әкімі аталған мәселелерді шешу үшін тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.