Талас ауданында облыстық маңызы бар 28 шақырым жолға орташа жөндеу жүргізілуде

0 9

Талас ауданында облыстық маңызы бар 28 шақырымды құрайтын Ақкөл-Қойгелді тас жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Жалпы құны 732 136 113,07 мың теңгені құрайтын жөндеу жұмыстарын «Рауан» ЖШС мердігер мекемесі жасап жатыр.

Автомобиль жолының жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, қазіргі таңда 50%-ы орындалған. Нысандағы құрылысты 20 техника және 30 адам жүргізіп жатыр.

«Тараздорпроект» ЖШС мекемесі жобалаған жөндеу жұмыстарын «ТаразТехнопроект» ЖШС қадағалайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.