Ойық ауылының тұрғыны ауласына қызанақ егіп табыс тауып отыр

0 1

Ойық ауылының тұрғыны Болатбек Тілепбергенов ауласына еккен қызанақ пен түрлі көкөністерден табыс тауып отыр. 10 сотық жерге 4000 түп қызанақ еккен шаруа тамшылатып суару әдісінің жемісін көруде. Алдағы уақытта 20 тонна өнім алуды көздеп отыр, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Ел еңсесін түсірмей, экономикамыздың тұрақтылығын тербетіп тұрған алтын бесік- ауылда ерен еңбектерінің арқасында табысқа кенеліп отырған шаруаның тынымсыз тірлігі талайға үлгі болары анық.

Аядай ғана ауылды ғана емес, қала жұртшылығын да экологиялық таза өніммен қамтамасыз етіп отырған азаматтарымыздың ісі көз қуантады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.