Т.Рысқұлов ауданындағы «Қожай ата» мешітінің сауат ашу мектебінде 45 бала дәріс алуда

0 3

Т.Рысқұлов ауданындағы Жаңатұрмыс ауылындағы «Қожай ата» мешітінің жанынан осыдан екі апта бұрын сауат ашу мектебі ашылып, жұмыс істей бастады. Қазір Имандылық иірімдері сауат ашу мектебінде 45 бала «Мұғалім сағи», «Тажуид ережелері», «Ислам ғибадаттары» бойынша дәріс алып, арабша хат тануға ден қойды, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Балалар өздерінің жазғы демалысын пайдаланып, енді үш ай бойы мұсылманша әліпби негіздерінен сабақ алады. Шәкірттерге облыс орталығындағы «Хибатулла Тарази» медресесінің үшінші курсында оқитын тәлімгер Ернұр Аманов сабақ оқытады.

Ауыл имамы Жанболат Сағынұлының айтуына қарағанда ұстазға осы ауылдың кәсіпкер азаматы Б.Теңізбаев ай сайын оның жалақысын төлеп тұрады екен. Ол сонымен қатар үлгерімі жақсы сауат ашушыларға оқу курсы аяқталған соң, сыйлықтар беруді де өз мойнына алған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.