Жомарт түлек ауылына спорт алаңшасын салып берді

0 4

Жамбыл ауданына қарасты Гродеково ауылында кәсіпкер Андрей Тимофеев «Туған жерге тағзым» және «Жомарт түлек» жобасы аясында жас өрендер саламатты өмір салтын ұстансын деген ниетпен  «Street Workout» алаңшасын салып берді, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

– Ауылымызға қаладағыдай «Street Workout» салынғанына ризамыз. Балаларға уақыттарын тиімді өткізу үшін жасалып жатқан мүмкіндік бұл. Бәрімізге қуаныш сыйлаған демеушіге рақметімізді айтамыз, – деді ауыл тұрғындары.

Олар енді таңертеңнен бастап дене шынықтырып, түрлі жаттығулар арқылы белсенді қозғалысқа ене алады. Ашық аспан астындағы алаң әсіресе буын, қантамыр ауруларына шалдыққан ересектерді қатты қуантып отыр. Бұл ойын алаңы 20-дан астам түрлі снарядтан құралған. Қозғалыс құралдары түрлі жаттығуларға сәйкес жасалған әрі тегін.

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына тарту ретінде салынған спорттық нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Олжас Баққараев арнайы қатысып, округ халқын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

Айта кетейік, осыдан 10 жыл бұрын АҚШ-та пайда болған «Street Workout» спорттық бағыты еліміздің барлық өңірінде қарқынды түрде дамып келеді. Бұл спорт түрімен бүгінде округте 100-ге жуық жас айналысады. Енді бұл қатарды өзге ауылдық округтің спортшылары да толтырады деген сенімдеміз.

Leave A Reply

Your email address will not be published.