Шу ауданынының ауылдарында «Астана» күні мерекелік концерт өтті

0 40

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Бірлікүстем ауылдық мәдениет үйінде 6 шілде Елорда күніне арналған «Ел астанасы — Нұр-Сұлтан» атты сазды бағдарлама өткізілді.Мақсаты: Туған елге деген сүйіспеншілікті арттыру.Отансүйгіштікке тәрбиелей отырып, Отанға қызмет етуге, мақтан етіп, қадір тұтуға патриоттық сезім қалыптастыру.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Балуан Шолақ ауылдық мәдениет үйінде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай «Жайна жасай бер-Астана!» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді.Сазды бағдарламаға ауыл тұрғыны Н.Төлбаева «Жаңа арқа» және Т.Сағындық «Астана» әндерін шырқады.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Жаңа жол ауылдық клубыныңұйымдастыруымен Елордамыз Нұр-Сұлтанның туған күніне орай «Еңсесі биік Елорда-татулықтың ордасы» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты Абай ауылдық клубының ұйымдастыруымен «6 шілде Елорда күніне орай, » Жасай бер , жайнай бер — Елорда Нұр — Сұлтан ! » атты сазды бағдарлама ұйымдастырылды. Мақсаты: Отанымыздың жүрегі бас қаламызды жаңа заманда бүгінгі өмірдің талабымен үндесе қалыптасып, келе жатқан көркем қаламызды жас ұрпақтарға паш ету. «Нұр — Сұлтан » қала күні мерекесін атап өту. Жастарды Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Шу аудандық мәдениет үйіне қарасты қалалық мәдениет үйінде 6 шілде Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған «Ел жүрегі — Нұр — Сұлтан» атты онлайн сазды бағдарлама ұйымдастырылып өткізілді. Мақсаты: : Елдік мерекеге өзіндік үн қосу. Елордамыз – Нұр-Сұлтан қаласына деген жастардың сүйіспеншілік және мақтаныш сезімдерін тудыру. Іс-шараны қалалық мәдениет үйінің вокал әртісі- Ануар Досугулов жүргізсе, мәдениет үйінің әншілері Мерей Жадыра «Елімнің жүрегі сен — Астана» және Нұржан Амангелді «Туған жер» әндерін шырқады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.