«Шу еркесі». Әбдімомын Желдібаев негізін қалаған халықтық ән-би ансамблінің жетістіктері

0 42

1978 жылы «Шу еркесі» халықтық ән-би әнсамблі  атағына ие болды. Бүгінгі күнге дейін «халықтық» атағын қорғауды жалғастырып келеді.

Осы жылдардан бастап ұжым шығармашылық жолын шыңдауда бірнеше рет облыс сахнасынан көрініп, 1982 жылы қазақ телевидениесіне концерттік бағдарламамен, 1985 жылы, 1987 жылы қырғыз телевидениесі, 1989 жылы Қазақ телевидениесіне қайталап жаңа концерттік бағдарламасын ұсынып, түсіп қайтты. «Шу еркесі» халықтық ән-би әнсамбілі кезекті «Халықтық» атағын 1993, 1997, 2003 жылдары қорғап, 2005-06-08 жылдары  «Шу ауданының мәдениет және өнер күнінде» Ф.Шуманның «Музыкалық кез», А.Өскентаевтың «Тараз сазы» шығармаларын, С.Бәйтерековтың  «Кішкентай», әнші Жанат Досжанованың орындауында С.Мұхамеджановтың «Жастық вальсі», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйіне қойылған биімен ансамблдің бишілер тобы шығарды.

 Сейтектің күйі «Той бастар», Ж.Досжанованың орындауында А.Әуесханқызының әні «Шу елі», Л.Хамидидің «Қазақ вальсі» әндері, жергілікті күйші-композитор, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген  қайраткер, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі, Н.Тілендиевтің «Өз елім» әнін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 18 жылдығына орай берлген сазды бағдарламаға Құрманғазының күйі «Адай», «Салкүрең» халық күйіне  қойылған биімен шығармаларды дайындап жарыққа шығарды.

2010 жылы 28 мамыр күні Тараз қаласында «Тұңғыш президент» саябағында «Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына» орай өткен фестивальде «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблінің сазды бағдарламасы берілді.

Сазды бағдарламада Ә.Желдібаевтің «Ерке сылқым» күйіне қойылған би, халық әні «Ал қызыл тас» ансамблдің әншісі, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Ж.Досжанованың орындауында, А.Өскентаевтың күйі «Тараз сазы», «Салкүрең» күйіне қойылған би, Құрманғазының «Адай» күйі, Блантердің «Катюшаға» қойылған би, Құрманғазының «Балбырауын» күйі ұсынылды.

Жоғарыда аталған мәдени іс-шара «Халықтық» атағын қорғауға ұсынылған. Нәтижесінде аудамыздың «Шу еркесі» халықтық ән-би ансамблі «Алғыс хатқа» ие болып, «Халықтық» атағы бекітілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.