Таластық кәсіпкерлер Сайрамда

0 3

Қолда барды ұқсату тәуекел ғана емес тәжірибеге де байланысты. Өйткені, тәжірибе- тірлікті кеңейтеді. Бұл орайда таластық кәсіпкерлердің Сайрамға жасаған сапары олардың кәсіпкерлікті кеңейтуге деген құлшынысын арттырғандай. Аудан әкімінің орынбасары Төрехан Қойлыбаев, аудан әкімдігі кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ауданбек Тауасаров бастаған топ Түркістан облысының Сайрам ауданында болып қайтты, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Аталған аудан – сол өңірдегі шаруашылығы өркендеген аймақтардің бірі. Өз өнімдерімен облысқа ғана емес, елімізге танымал бірқатар серіктестіктер мен кәсіпорындар осы аймақта шоғырланған. Сала басшылары бастаған кәсіпкерлер тобының Сайрам ауданын таңдауғы басты себебі де осы болатын.
Мұнда шаруасын айналдырып, кәсібін дөңгелетір отырған шаруалармен алмасатын тәжірибеміз аз болмай шықты. Төрт түлік өсіріп, оны бордақылап нәсібін кәсіптен айырып отырған олардан үйренетініміздің көп екендігіне шаруа қожалық төрағаларының көзі тәжірибе алмасу барысында жете түсті.

Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының айтуынша, Сайрам ауданындағы шаруа қожалықтарының үлесінде бар болғаны 15 сотықтан 4 гектар аралығында ғана жер телімдері бар. Бірақ, бұл ауданда жер көлемі жеткіліксіз деп қол қусырып отырған тұрғындарды байқамайсыз. Қайда назар салсаңыз да тірлікке тәуекел жасаған адамдарды көресіз.

Мәселен, «Құрмантай ата» шаруа қожалығы жеке сектордағы тұрғын үйдің ауласында орналасқан. Шағын аумақты айналдырған кәсіпкер онда 300 бас жылқы мен 600 бас мүйізді ірі қараны бордақылап отыр. Ал «ТұранАгро ет-сүт» өнірістік кооперативі танкерлерге сүт өнімдерін қабылдайды. Қолда мүйізді ірі қара ұстап отырған тұрғындар өнімдерді осында әкеліп өткізеді. Бекітілген бағасы да сүт өткізушілердің көңіліне қонымды. «Көзін тапсаң көгереді» дегеніміз осы. Бұл бір ғана Манкент ауылындағы көрініс.

Ауданға қарасты Қарабұлақ ауылдық округіндегі шаруа қожалықтарының жағдайы да осыған ұқсас. Мұнда да жеке кәсіпкерлердің үй іргесінен мал бордақылау алаңын ашып тастауы қалыпты дәстүрге айналған.

— Бір байқағанымыз, оңтүстік өңірдегі ағайындар тек мал өсірумен ғана емес, жерді игеруде де айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. Тамшылатып суғару әдісі онда жолға қойылған көрінеді. Арнайы құрал-жабдықтардың көмегімен мол өнім алуды көздеген шаруалардың тірліктері мығым, көңілдері тоқ. «Лола» шаруа қожалығының тамшылаптып суғару әдісінен үйренетініміз көп екен, — дейді «Аязбек» шаруа қожалығының төрағасы Төребек Анарбаев.

Аққұмдық «Аязбек» шаруа қожалығының төрағасы суды үнемдеудің қыр-сырын игеру үшін алдағы уақытта Сайрамға мамандарын алып келмек ниетте.

Leave A Reply

Your email address will not be published.