Ауыл тұрғындары саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен атсалысуда

0 1

Биыл ел тарихында тұңғыш рет ауылдық округ әкімдері тікелей сайлануда. Бұл сайлаушыларға өз таңдауын жасауға мүмкіндік береді.

Әр дауыстың маңызды екендігін ауыл тұрғындары түсініп, таңдауын жасауда. Осы арқылы тұрғындар өздерінің конституциялық сайлау құқығын іске асыруда.

Додаға түсіп жатқан үміткерлердің алға қойған мақсаттары, оны жүзеге асыруға арналған жоспарлары, бағдарламалары бар. Сондықтан, ауыл тұрғындары дұрыс таңдау жасап, елімізде өтіп жатқан саяси науқанға үлкен жауапкершілікпен атсалысып отыр.

 

Алтынбек ЖАМИШЖАНОВ,
Байзақ аудандық мәслихат депутаты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.