Таластық шаруалар Арал өңіріне 1200 түк шөп жөнелтті

0 4

Қуаңшылықтың кесірінен жем-шөпті жеткілікті етіп жинай алмаған Арал өңіріне көмек ретінде Талас ауданының әкімі Қанатбек Қайшыбекұлының бастамасымен таластық шаруалар Жаңатас қаласынан 1200 түк шөп тиеп, Арал өңіріне жөнелтті, — деп жазады “ZhambylNews” АА.

Жақынына жанашырлықпен қараған қазақ халқы ынтымағымен ырысын арттыратынын осымен тағы бір рет көрсетіп отыр.

Нәсілімізге дарыған дағдыдай береке бірліктің арқасында ырысымызды арттырып, ағайынға көмек көрсету ежелден келе жатқан салтымыз. Ел іргесі сөгілмей, берекесі мен мерекесі қатар жүруі үшін аталмыш көмек алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.