Жамбыл ауданында 44 ретсіз қоқыс орындары тазартылды

0 1

Жамбыл ауданында 44 ретсіз қоқыс орындары тазартылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Қазіргі таңда күл-қоқысты анықтаудың түрлі әдістері қолданысқа еңгізілген. Кез келген аймақтағы жөнсіз көрініс ғарыштық түсірілім арқылы тиісті мекемеге, округтерге жіберіледі. Ғарыштық түсірілімге еңген қалдықтарды қалай реттеліп жатқаны туралы Жамбыл ауданы әкімдігі тұрғын үй-комуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Еркебұлан Көмекбаев айтып берді.

— «Қазақстан Ғарыш Сапары ҰК» АҚ-ның елді мекендер маңындағы стихиялық қоқыс үйінділерінің ғарыштық мониторингі бойынша Жамбыл ауданында 48 рұқсатсыз орналасқан қоқыстар анықталған болатын. Осыны реттеу мақсатында аудан көлемінде ауылдық округ әкімдерімен және аудан әкімдігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі тарапынан қалдықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп, бүгінгі күнге 44 ретсіз қоқыс орындары тазаланды және геопарталдан толықтай жойылған. Қалған ретсіз қоқыстар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Бұл — бақылауда, — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.