Бүгін Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев Өрнек ауылындағы көшелерге төселіп жатқан асфальт жұмыстарының барысын көрді. Айта кетейік, әлеуметік желіде тұрғындар С.Мұқанов көшесіндегі жол жабындысының сапасына наразылық тудырған болатын, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.
«Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында ауылдағы Бекбенбет Әбілдаұлы, Сәбит Мұқанов көшелеріне орта жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын «Нұр-Абдрахман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алған.
Көшелерді аралап көрген аудан басшысы Сәкен Қаланұлы мердігер өкіліне жұмыстар талапқа сай жасалуы керектігін ескертті.
– Тұрғындар уәжін көрген шығарсыз. Сіз ойламаңыз, сапа тек жергілікті биліктің ғана емес, ауыл тұрғындарының да – бақылауында. Біз сападан кінәрат шықпасын деп аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерін тарта отырып, топ құрған болатынбыз. Себебі, сіздер жұмыс жасап кетесіздер, біз осында қаламыз. Сондықтан ел игілігіне жасалған қажетілік кемшіліксіз болуы керек. Тұрғындар наразылық тудырған екен, біз бұл көшелерге «Жол активтерінің Ұлтық сапа орталығының» мамандарын шақыртып, жол сапасын экспертизадан өткізіп, оның нәтижесін саралап болғанан кейін барып қабылдайтын боламыз, – деді өңір басшысы