Жуалы ауданы әкімдігінде кезекті аппарат мәжілісі өтті. Онда 2021-2022 жаңа оқу жылына дайындық барысы қаралды. Биыл ауданда жаңа оқу жылында 30 орта, 3 негізгі, 6 бастауыш мектепке 11300 оқушы келеді деп жоспарлануда. Оқу дәстүрлі түрде басталады, — деп жазады “ZhambylNews” AA.
Аудандық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Каукаеваның айтуынша, жаңа оқу жылында 1 сыныпқа болжаммен 857-ден аса оқушы келеді деп күтілуде.
— «1 қыркүйек — Білім күнінде» 1 сынып оқушыларына «Әліппе», «Букварь» оқулықтары салтанатты іс-шарада табыс етіледі. 2-11 сынып оқушыларына білім күні өздеріне белгіленен кабинетте тәрбие сағаттары өткізіледі. Сондай-ақ, «Ауыл Ел — бесігі» бағдарламасы аясында 2 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының шатырын ауыстыруға -56 573,6 мың теңге, №6 А.Пушкин атындағы орта мектебінің күрделі жөндеу жұмыстарына — 180 243,3 мың теңге. Ал, 9 орта мектепке 10 автобуспен 9 ауылдық округте 18 елді-мекеннен жалпы 492 оқушы тасымалдану жоспарланып отыр, — деді С.Каукаева.
Аудан әкімі Олжас Қаржауов тиісті басшыларға мектептердегі қауіпсіздік, санитарлық талаптардың сақталуы мен жылыту маусымына дайындығын қайта пысықтап шығуды тапсырды.