Шулықтар Таразға тарту жасады

0 2

Облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жобасы аясында аудандар мен басқармалар шаһарға тарту-таралғыларын табыс етуде. Жоба аясында шулықтар да Таразға тарту жасады, — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Шулық демеушілердің есебінен Тараз қаласындағы «Алатау» ықшам ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшалары мен спорттық алаңшалар орнатылды.

Бұрын бос жатқан орындарға стрит воркаут, баскетбол, футбол алаңшалары мен сәнді сәкілер, қоқыс жәшіктері мен жарықшамдар, көлік тұрақтайтын орындар мен жаяу жүргіншілер жолы да салынған.

Аталған орынға арнайы келген облыс басшысы ауданның тартуына оң бағасын беріп, кейінгі ұрпақтың игілігіне жасалған жұмыстарды күтіп ұстау керектігін ескертті. Қала тұрғындары да бұл игілікті іске дән риза.

Leave A Reply

Your email address will not be published.