Асарлатқан ағайын облыс әкіміне алғысын айтты

0 4

Түркістан ауылдық округіне қарасты Әшір Бүркітбаев ауылында 30 тамыз Қазақстан Республикасының Ата Заңы Конституция күні мерекесіне орай  «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Қуат Сартаевтың үйі толықтай күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға берілді, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Шараға округке қарасты шаруашылық құрылымдарының төрағалары, округтерде шығып әр қиырда еңбек етіп жүрген кәсіпкерлер, жаны жомарт ауыл азаматтары тағы басқа да азаматтар қатысты.

Айта кетейік, өткен жылы округ тұрғыны күрді ұлтының өкілі, көп балалы, аз қамтылған отбасы Ислам Гасановқа да округ тұрғындары тұрғын үй соғып берген.

Тұрғын үй иесі Қуат Сартаев демеушілік жасаған округ тұрғындары мен осы бастаманы көтерген облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлына, құрылыс жұмыстарын ұйымдастырушы округ әкімдігіне шексіз ризашылығын білдірді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.