КОМПЛАЕНС ҚЫЗМЕТІН ЖҮРГІЗУ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ АЛДЫН АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ҚАДАМ

0 10

«Antikor» сервистік орталығында квазимемлекеттік мекемелердің комплаенс қызметіне жауапты мамандары үшін кезекті семинар өткізілді.

Семинарға квазимемлекеттік сектор өкілдері қатарынан құрылған сарапшылар пулының мүшесі, Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының Тәуекел қызметінің консультанты Е.Жылысбек және департаменттің бас маманы А.Ажибаев қатысты.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 16-бабында «Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде негізгі міндеті тиісті ұйымның және оның жұмыскерлерінің Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету болып табылатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің функцияларын атқаратын құрылымдық бөлімшелер айқындалады» — делінген. Аталған тапсырмаға сәйкес квазимемлекеттік сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілді. Бұл норма квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін міндетті түрде, ал бизнестің жеке таңдауы бойынша қолданылады. Осылайша, Жамбыл облысындағы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын барлық мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жауапты комплаенс қызметі құрылды. Сәйкесінше комплаенс қызметін жүргізуге жауапты мамандары айқындалып, жұмыс жоспарлары құрылды.

Семинар барысында Тараз әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясында енгізілген комплаенс қызметі туралы кеңінен баяндалып, комплаенс қызметін тиімді жүргізу бойынша нұсқамалар берілді.

Семинар барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Айта кетейік, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.