Жаңақоғам ауылдық округінде тағы да бір отбасы баспаналы болды

0 1

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Жаңақоғам ауылдық округінде тағы да бір отбасы баспаналы болды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Бұған дейін де көп шаруада қолының ізін қалдырып жүрген аудандық мәслихат депутаты Сағадат Мадалиев демеушілік жасап, қиын тағдырлы отбасыға қуаныш сыйлады.

«Асарлатып үй салу» жобасының мақсаты – ауылдастарының бірлескен күшімен көршілеріне, мүгедектерге, аз қамтылған отбасыларға және көп балалы отбасыларға тұрғын үй салып беру. Мұқтаж адамдар жергілікті ақсақалдар кеңесінің мақұлдауымен, тұрғындардың ортақ шешімімен анықталады.  Жергілікті атқарушы органдар да игі бастамаға атсалысады.

Баспана кілтін тапсыру салтанатына ауылдық округтің әкімі мен ардагерлер кеңесінің төрағасы арнайы қайтысып, құттықтау тілектерін жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.