Жуалыда шахматтан аудандық жарыс өтті

0 5

Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай Жуалы ауданының тұрғындары арасында шахматтан жарыс өтті, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Тартысты бәсекеде 8 шахматшы бақ сынасып, спортшылар қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салды.

Тартысты бәсекеде Сұлтан Каренов жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды Ардақ Жақыпбаев иеленсе, ІІІ орынды Бақытжан Сабиев қанағат тұтты.

Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен диплом және медальдар табысталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.