Мойынқұмда 14 ауыл 100% екпе салдырған

0 0

Мойынқұм ауданы бойынша 13794 адам екпе алуы керек болса, бүгінгі таңға оның 13 мыңы екпе салдырған. Яғни аудан бойынша 16 ауылдық округтің 14 ауылдық округі 100% екпе қабылдап отыр, — деп жазады “ZhambylNews” AA.

Енді қалған Шығанақ және Мойынқұм ауылдары көрсетілген межені орындаса аудандық көрсеткіш 100% орындалмақ. Дегенмен әлі де аудан халқына екпе егу жұмыстары жалғасуда. Күннен күнге ақпараттандыру түсіндіру жұмыстарының арқасында екпе салуы індеттен құтылудың бірден бір жолы екеніне көз жеткізген халық өз еркімен вакцина алуға баруда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.