ЖАСТАР АУЫРМАЙДЫ ДЕГЕНІ ӨТІРІК

0 0

Есімім — Қанат. Жамбыл ауданы Шайдана елді мекенінің тұрғынымын. Өзімнің парақшама қатты ауырып, әрең аяққа тұрғаным туралы жазғанмын. Басқада ел азаматтарына пайдасы тиіп қалар деген оймен қайта жариялап отырмын.

Осыдан бір-екі ай бұрын баратын той-жиын көбейіп кетті. Өзім жуырда ғана отау құрғанмын. Ары-бері сабылып жүріп, көпшілік көп шоғырланған орындарға барып, бас көтере алмайтындай ауырып қалдым.

Үйде ем аламын деп ұшықтырып алып, аудандағы орталық ауруханада ем алдым. Өкпемді тексертсем 22 пайызға зақымданғанын көріп, шоши бастадым. Қазақ сөзге ергіш халыққой.

Өзімнің ақ халатты абзал достарым «жас буынға мына әлемді шарлаған коронавирустық инфекциясының жұғу қаупі өте төмен», дегенді естіп, бетперде мен қоса антисептиктік сұйықтықтығында ұмыттық.

Сақтық шараларды да сақтамадық. Оның үстіне алдыңғы жылы мына аты жаман дерт алғаш қылаң берген кездегі үреймен қазіргі кез салыстыруға келмейді ғой. Бой үйренді. Жұқса, осы уақытқа дейін жұғар еді деп шақырылған жерден қалмадық. Бірақ, соңы осындай хәлге душар етті. Күн сайын дем алу процесі қиынға соққан сайын бойымды қорқыныш билеп, өткен ісіме өкіне бастадым. Өзімді қоя беріңіз, үйде қарт анам, туысқандарым және жарымның денсаулығын қатты алаңдадым. Оларға жұқтырып алдым ба дем үрейлендім. Әпкем өзі тәжірибелі дәрігер болғандықтан сол кісінің нұсқауымен ауруханада ем алып, аяққа тұрдым. Бірақ сол бір жұма аралығында қиналғанымды айтып жеткізе алмаймын.

Айтпағым өзіммен қатарлас азаматтарға, мына індет ел, жер, түгілі жаста таңдамайтыны еске салғым келеді. Жас болған соң қыдырғың келеді түсінем, бірақ отбасымыздың саулығы одан да — маңызды.

Ауырып, емделіп шыққаннан кейін шыны керек, той-томалақтан түбегейлі бас тарттым. Себебі мені аузым бір рет күйген, екінші рет ол қателікті жасағым келмейді.

 Қанат РӘШІМБАЙҰЛЫ,
Ауыл тұрғыны.

(Ескертпе: автор әкімдіктің жеке парақшасына болған жайтты айтқан, жазбада өзгертілген тұстар бар)

Leave A Reply

Your email address will not be published.