ӨҢІРДЕГІ 4 ҚАЛАДА КӘРІЗ ТАЗАРТУ КЕШЕНІ САЛЫНАДЫ

0 3

ZHAMBYLNEWS — Жамбыл облыстық партия филиалының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы жанындағы аймақтық Экологиялық қоғамдық кеңес отырысы өттіКүн тәртібінде Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында тазарту құрылыстары кешенін салу жұмыстары және партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асырудың өңірлік Жол картасының орындалу барысы қаралды.

Партияның облыстық Жол картасында табиғи ресурстар  және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қатысты 6 іс-шара белгіленген. Қазіргі таңда 3 іс-шара орындалу сатысында, қалған 3-нің орындау мерзімі әлі келмеген. Мәселен, қоқыс үйінділері мен полигондарды экологиялық талаптарға сәйкес келтіру бойынша аймақтағы санитариялық талаптарға сәйкес келмейтін 61 полигон мен қоқыс үйінділерінің 48-не қоршаулар орнатып, 13 полигонды жою жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 19 полигон қоршалса, 2022 жылы 29қоршалып, 13жойылатын болады.

Сондай-ақ, облыстық Жол картасына сәйкес Тараз, Жаңатас, Қаратау және Шу қалаларында кәріздік тазарту кешенін салуға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Шу қаласындағы кәріз тазарту имараттарының құрылысын мердігерлер жарты жолдан тастап кеткен. 2010 жылы басталған құрылыс жұмыстары 2012 жылы аяқталуы керек болатын.

Облыс әкімдігінің энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Қ.Қорғанбаевтың айтуынша құрылысқа жауаптыларға тиісті шара қолданып, жауапкершілікке тартылған. Бүгінде құрылыс жұмыстарын жандандыруға аудандық бюджеттен қаржы қарастырылып, жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде.

Жалпы 2019 жылдан бастап еліміздегі 53 қалаға кәріз тазарту имараттарын салу жоспарланған. Аталған жобаға Тараз, Шу, Қаратау, Жаңатас қалалары енгізілген. Жобаға сәйкес биыл Жаңатас қаласында кәріз тазарту имараттарын салу жұмыстары басталмақ.


О
тырыс соңында кеңес төраймы Ф.Жүнісова көтерілген мәселелерге сәйкес жұмыс жоспарының нәтижелі әрі мерзімінде орындалуын үйлестіру қажеттігін атап айтты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.