Талас ауданында спортпен шұғылданушылар қатары көбейген

0 0

Талас ауданында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар қатары 33,5% пайызды құрап отыр(2020 жылы — 32,0%). Бұл туралы ӨКҚ алаңында Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек айтты, — деп хабарлайды “ZhambylNews” AA.

Сонымен қатар дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын 14 жастан 29 жасқа дейінгі жастар саны 6 мың 331 адамға жеткен.

Аудан көлемінде 6 спорт мекемесі жұмыс атқаруда. Оның ішінде,               4-і балалар жасөспірімдер спорт мектебі және 1 спорт кешені.

Аудандағы спорт мекемелерінде спорттың 17 түрі қамтылып отыр. Оның ішінде 11 олимпиадалық, 5 олимпиадалық емес және 2 ұлттық спорт түрі үйірмелері қызмет атқаруда.

Жалпы, ауданда бүгінгі таңда 219 спорт нысаны бар. Олардың қатарында 1 стадион, 1 спорт кешені, 35 спорт зал, 85 футбол алаңы, 90 спорт алаңшалары, 1 ату тирі және 6 икемделген спортзал.

— Бүгінгі таңда аудан тұрғындарына спортпен тұрақты түрде шұғылдану үшін 217-ы қолжетімді спорт нысаны анықталып отыр. Оның 70-і Қаратау қаласында, 149-ы ауылдарда орналасқан.  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Жамбыл облысында іске асырылатын 30 жоба жол картасына сәйкес, «30 жаңа «Street workout» алаңы» жобасы бойынша Майтөбе ауылында жеке кәсіпкердің демеушілігімен Street Workout алаңшасын орнату жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Қаратау қаласында Д.Қонаев көшесінің бойына Street Workout алаңшасы орнатылды, — деді аудан әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.