Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының бас маманы Самғат Мутанов және дін проблемаларын зерттеу орталығының инспекторы Арман Сәрсенбаев және дін проблемаларын зерттеу орталығының Т.Рысқұлов ауданының инспекторы Нұрсұлтан Шәмшіхан Т.Рысқұлов ауданында ауыл тұрғындары, мемлекеттік қызметкерлер және аудан жастары, мектеп оқушылары мен студенттер, медицина саласының қызметкерлері арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, халық көп шоғырланатын Құлан ауылында орналасқан аудандық орталық базар, сауда орталықтары мен дүкендерінде 200 дана ақпараттық бүктеме қағаздар таратылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.