Т.Рысқұлов ауданының жастары «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасына қатысуда

0 13

Т.Рысқұлов ауданының жастары елімізде өтіп жатқан «Тәуелсіздіктің мен үшін маңызы» жобасына белсене қатысуда. Олар қазіргі егеменді дәуірдің арқасында өздерінің жеткен жетістіктері туралы, өмір тарихтарымен бөлісуде. Аталған жобаға осы уақытқа дейін ауданның 150-ден аса жастары қатысқан, — деп жазды “ZhambylNews” AA.

Сондай ауданның белсенді жастарының бірі «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының бөлімше басшысы Әбіләшім Ануарбеков:

Тәуелсіздікті қадірлеу — бәрімізге борыш. Өйткені бұл ұғымның аясы кең, өресі биік. Түсіне білген жанның кеудесіне қуаныш орнататын сезім. Кешегі алаш алыптары Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы аталарымыз осы жолда жан аямай еңбек етті. Өмірін берді. Халқының арда ұлдарынының арманын жалғау үшін біз де тынбауымыз керек. Басты міндет — ілім мен білімді дамыту. Ғылымды ілгерілету. Жан-жақты біліктілікті арттыра беру қажет. Тәуелсіз елдің ұрпағы болғанымды мақтан етемін, — деп ол өз ойымен бөлісті.

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең басты құндылығы. Қазақстандықтар үшін 30 жыл — жай ғана мерекелік күн емес, бұл – табыстың, рух пен болашаққа деген ұмтылыстың белгісі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.