Шу ауданының зиялы қауым өкілдері мен тәуелсіздік құрдастары бас қосты

0 24

Бүгін Шу аудандық Мәдениет үйінің мәжіліс залында ауданның зиялы қауымы және тәуелсіздік құрдастарының қатысуымен «Тәуелсіздік–ел тұғыры» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды, — деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.

Дөңгелек үстел Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жылдары жеткен жетістіктерін айқындау, Тәуелсіздік құрдастарына дұрыс бағыт-бағдар беру, жастардың өз елі, өз жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өскелең ұрпаққа патриоттық сезім ұялату мақсатында өткізілді.

Іс-шара аудан әкімінің орынбасары Е.Аймамбетовтың алғы сөзімен бастау алып, сөз кезегі «Достық», «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, ҚР Ұлттық өнер университетінің профессоры, сазгер, күйші Әбдімомын Желдібаев, Түрік ұлтының өкілі Нұрсұлтан Салаков, Тәуелсіздіктің құрдасы Г.Қасенова және М.Атайбековпен жалғасты.

Аталған іс-шара танымал жас айтыскер ақын Айым Көшербайдың мерекелік арнауымен аяқталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.