Мемлекеттік қызметшілердің еңбек құқықтарын қорғау күшейтілуде

0 2

Жамбыл облысының мемлекеттік қызметшілерінің негізсіз үстеме жұмыс жасауын болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті және Облыс әкімдігінің еңбек инспекциясы басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Меморандум аясында мемлекеттік органдардың еңбек және мемлекеттік қызмет салаларындағы заңнаманың сақталуы, мемлекеттік қызметшілерді үстеме жұмысқа тарту, еңбек тәртібін бұзудың жолын кесу мәселелері бойынша бірлескен іс-шаралар жүргізіледі.

Сонымен бірге, өзара әрекеттесу барысында Инспекция тарапынан тексеру жұмыстарының жүргізілетіндігі, еңбек заңнамасын бұзу фактілері анықталған жағдайларда  қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымды тұлғалардың  жауапкершілігі қаралатындығы айшықталған.

Қабылданып жатқан шаралар мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын қорғауға, «икемді жұмыс кестесі» режимін пайдалануға, еңбек заңнамасын қатаң сақтауға, оның ішінде жұмыс күні аяқталғаннан кейін мемлекеттік қызметшілердің жұмыс орындарындағы кідірісін, олардың демалыс немесе мереке күндері жұмысқа шығу практикасын тоқтатуға бағытталғандығы атап өтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.