Тұрар Рысқұлов ауданында халық санағына тіркелген респондент саны 33 399 адамға жеткен

0 8

Тұрар Рысқұлов аудандық Стастистика басқармасы басшысы Бақытжан Пірімқұловтың баяндауынша, бүгінде ауданда халық санағына тіркелген респондент саны 33 399 адамға жеткен. Яғни бұл дегеніміз соңғы есеп бойынша аудан халқын құрайтын 65 280 адамның  51,2%  санақтан өткен , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Бүгінде аудан халқын санақтан өтуге аудан жастары да шақырып, «Есіктен есікке» акиясын ұйымдастырып, 1000-ға жуық пайдалы ақпараттар жазылған үнпарақтар таратқан. Сонымен қатар, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен ауыл көшелерін және халық көп шоғырланатын орындарда  аудан тұрғындарына халық санағының өтудің маңызы жөнінде үндетпе жолдауда.

Бүгін аудандық Статистика басқармасының мамандары Көгершін ауылында тұратын 108 жастағы Шарманкүл Шымырбаева әженің шаңырағына арнайы барап, халық санағынан өткен. Күміс алқа иегері Шарманкүл әжей 7 баласынан 36 немере, 99 шөбере, 35 шөбере көріп отыр.

Сондай-ақ, мамандар Сәлімбай ауылында тұратын 3 қыз және 1 ұлынан 16 немере, 43 шөбере, 16 шөпшек көріп отырған 98 жастағы Ажаркүл Котырованың шаңырағына барып, халық санағына тіркеді.

Ерекше атап өтетін жайт, санақтан өту барысында азамат өзімен бірге отбасы мүшелері үшін де санақ парақшасын толтыра алады. Яғни, sanaq.gov.kz сайтына бір рет қана тіркеліп отбасы мүшелерін қамту мүмкіндігі қарастырылған. Санақ парақтарын толтыру басталған сәтте «Респондентті қосу» нұсқасы ұсынылады. Бірге тұратын туысыңыздың ЖСН-ін енгізген соң жүйе оның толық аты-жөнін автоматты түрде шығарады. Бұл мүмкіндік арқылы санақ парақтарын толтыруға кететін уақытты айтарлықтай үнемдеуге болады. Санақ нәтижелері үй шаруаларының жағдайын, неке-отбасы қатынастарын жақсарту, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін, халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет. Бұған аудан халқының астам адам онлайн санақтан өткен.

Leave A Reply

Your email address will not be published.