Тараз қаласындағы халықаралық конференцияға қатысқан шетелдік сарапшылар аталған іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, Қазақстанның этносаралық қақтығыстардың алдын алу, реттеу және шешу мәселелеріндегі тәжірибесі ел аумағында ғана емес, одан тыс мемлекеттерде де бірегей және сұранысқа ие екенін атап өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
— Ғылыми проблемалардың бірі — ХХ ғасырда болған этногенездегі өзгерістерді сипаттау қажет. Сол кезде біздің халықтарымыз бастан кешкен оқиғаларды біз толық түсінеміз және ұлтаралық қарым-қатынас процесіне кірмейміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы мұндай жұмысты ғылыми негізде жүргізгені өте маңызды. Сонымен қатар, ұйымдастырушылық сәттердің өзі мұндай қарым-қатынастың ғылыми негізін құруы керек. Ассамблеяның рөлі басқа посткеңестік мемлекеттер үшін үлгі екенін де атап айту керек. Осы іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да мойындауға тиіспіз. Қазақстан мен Жамбыл облысының басшылығына этносаралық қарым-қатынас сияқты маңызды тақырыпқа назар аударғаны үшін алғысымды білдіргім келеді, — деді В.Щербина.