Жамбыл облыстық «Volonter group 08» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ташметов Рустам Ахметжанұлы «AntikorLive» жобасы аясында «Еріктілер қызметінің негізгі қағидалары» тақырыбында сұхбат берді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
⠀
Сұхбат барысында ерікті болып қызмет атқару үшін жасы, жынысы,қызметі, маңызды емес екендігін тек қоғамға пайдамды тигізіп, адамзатқа жылулық,қамқорлық сыйласам деген ниеттегі әрбір адам ерікті бола алатындығын атап өтті.
Қазіргі таңда «Volonter group 08» қоғамдық бірлестігінде 16 жастан 60 жасқа дейінгі өз еркімен ақысыз қызмет көрсетіп, қоғамдық жұмысқа белсенді араласып жүрген еріктілердің барын білдік. Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкенге көмектесу, жетім мен жесірді жылатпау – қазақ қоғамының ажырамас бөлігі екені белгілі. Осы орайда ұлттық құндылығымызды ұрпақ санасына сіңіру мақсатында ерікті жастар адалдық пен парасаттылық құндылықтарын бойларына сіңіріп, жаңа деңгейге көтерілуде.
⠀
Сұхбат барысында қазіргі қоғамдағы ерікті болудың маңызы мен оларға беріліп жатқан мүмкіндіктер туралы өзекті мәселелер қозғалып,спикер тарапынан біршама сұрақтарға жауап берілді.