Құланда сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың шығармашылық  ән кеші өтті

0 12

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданында көптеген іс-шаралар өтіп жатқаны белгілі. Осы орайда аудандық Мэлс Өзбеков атындағы мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орде­нінің иегері, жерлесіміз, композитор Дүй­­сен­әлі Бықыбаевтың «Ән-ғұмыр» атты шығармашылық кеші өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Шығармашылық кештің шымыл­дығы «Алатау» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің орындауындағы композитордың «ДАЛА САЗЫ» атты күй­і­мен ашылды.

Құлан өңірінің тумасы, халыққа өзіндік ерекшелігі бар лирикалық әндер сыйлап, ыстық ықыласына бөленіп жүрген Дүйсенәлі Дыбысалыұлының есімі бүгінде облыс қана емес, республика көлемінде жақсы таныс.  «Біз екеуміз», «Еліктей ерке қыз», «Аға­йын» және басқа да әндерімен тың­дарман қауымға белгілі.

Марфуға Айтхожина, Шырын Мамасерікова, Кәріпжан Нүсіпов, Әкім Ысқақ, Сейсен Қожеке, Ғайни Әлімбекқызы, Жаңыл Асылбекова сияқ­ты белгілі ақындармен шығар­машылық байланыста болған композитор шығармашылығы бұл күні киелі Құлан өңірінің аспанында қалықтады.

Сазгердің шығармашылық кешіне өнерсүйер қауым көп жиналды. Сусап келген көрермендердің арасында Қазақстан Республикасының жазушылар одағының мүшелері ақын Шырын Мамасерікова мен Ғайни Әлімбекқызы,  аудан әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев, аудандық ақсақалдар төрағасы Бижанов Қожайхан, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Шорабек Атабаев болды.

Туған жерге тағзым, кіндік қаны тамған топырақты қастерлеу – ұлттық санамыздағы қастерлі ұғым. Туған өлкенің өркендеуіне өздігінен үлкен үлес қосып жүрген азаматтардың бірі сазгер Дүйсенәлі Бықыбаевтың ән кеші  — ән өнеріндегі ұлтымыздың өзіндік  нақышын, оның ішінде  жүректі тербер лирикалық сазды әндерімен жергілікті әнсүйер қауымға ерекше көңіл-күй сыйлады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.