Тараз қаласында Меркі ауданының мәдениет және өнер күні ұйымдастырылды

0 5

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Тараз қаласындағы аудан күндері жалғасуда. Бұл жолы «Туған жерім – дархан далам» атты Меркі ауданының мәдениет және өнер күні өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Аталған іс шараға облыс әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Бейсенбекұлы Солтыбаев, Тараз қаласының әкімі Ержан Жұматұлы Жылқыбаев және бірқатар облыстың зиялы қауым өкілдері мен Тараз қаласының тұрғындары қатысты.

Алдымен Меркі ауданының әкімі Руслан Нұрсипатов өңір басшысы мен қонақтарына аудандағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін таныстырып өтті. Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, яғни «Береке Даст» шаруа қожалығы 500 кг алма,«Меркі ет комбинаты» ЖШС бір тоннаға жуық ет, 600 келіге жуық көкөніс өнімдері,«Меркі сыр зауыты» өнімдері, «Меркі тау қымызы», меркілік бал өнімдері қала тұрғындарына саудаланды. Аталған тауарлар нарық бағасынан 15 пайызға жуық төмен бағада өткерілді.

Күз-берекелі ай. Жиын -терін аяқталып, тұрғындар қысқа қам жасайды. Біз сияқты қала тұрғындары үшін ауылдың өнімі әрқашан таңсық. Сапалы әрі табиғи өнімнің бағасы да қолжетімді. Алдындағы аудандар келгенде ет өнімдерін алсам, бүгін Меркі сүт зауытының өнімдері үшін келіп тұрмын. Мұндай пайдалы шаралар өз жалғасын тапса деген ұсынысымыз бар, — дейді қала тұрғыны К. Айдарбекқызы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.