Тараздық зияткерлер үздіктер қатарында

0 2

Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушылары арасында жыл сайын өткізілетін желілік ғылыми жобалар сайысында Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі  командалық есепте 1орын иегері атанып, әртүрлі пәндерден 9 жүлделі орынға ие болды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сайысқа төрт бағыт бойынша барлығы 264 жоба ұсынылды – «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Казақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар».

Атап айтсақ,

1-орын: «Таза табиғи орта- «Қазақстан-2050» жүзеге асырудың негізі» бағыты бойынша – Арсен Жұмағали, Ақәділ Айту, Зарифжон Рахимов.

«Экономикалық және әлеуметтік  процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша — Аружан Манарбекова.

«Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік бағдарлар» бағыты бойынша — Мерей Марат, Фариза Құрманбекова.

3-орын:  «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде» бағыты бойынша —  Нұрғиса Қабарбек пен  Алия Анарбаева.

«Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу» бағыты бойынша  — Аружан Жақсылық.

Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалық туристік бағдарлар» бағыты бойынша – Фатима Баймақанова, Лейла Жақызбай.

Енді оқушылар желілік байқаудың өзге де жеңімпаздарымен бірге ғылыми жобалар конкурсының республикалық кезеңінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің абыройын қорғайтын болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.