Жетісу жерінде Жамбылдық кітапханашылар кітап экспозициясын ұйымдастырды

0 10

Алматы облысында Жамбыл облысының мәдениет күндері өтуде. Қазақстан Республикасы Тәуелсізлігінің 30 жылдығы қарсаңында «Рухани жаңғыру» бағдардарламасының «Туған жер» жобасы аясында өткен іс-шара барысында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Өткені — өнеге, бүгіні — бекем, болашағы жарқын Жамбыл өңірі» кітап экспозициясын ұйымдастырды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кітап экспозиясында Жамбыл облысының 80 жылдығына орай жарық көрген «Тараз мұралары» көптомдық жинағының 110 томы таныстырылды. Сондай-ақ, «Кемеңгерліктің 30 жылы: жаңғырған тарих, жаңарған Тараз» кітап инсталляциясына еліміздің тәуелсіздік алған сәттен бастап бүгінге дейінгі жүріп өткен жолы туралы кітаптар және тәуелсіздік жылдарында жарыққа шыққан жергілікті 30 автор туындыларының макеттері мен кітаптарының түпнұсқалары ұсынылды.

Атап айтқанда: Жамбыл өңірінен шығып, барша қазаққа ортақ болған Бауыржан Момышұлы, Кәрім Баялиев, Шерхан Мұртаза, Мырзатай Жолдасбеков, Арғынбай Бекбосын, Бақтияр Әбілдаұлы,   Әлдихан Қалдыбаев, Берік Шаханұлы, Айша Көпжасарова, Қуандық Шолақ, Рафаэль Ниязбек, Пернебай Дүйсенбин, Шырын Мамасерікова, Елен Әлімжан, Күләш Ахметова, Несіпбек Дәутайұлы, Болатбек Әбішев, Нарша Қашағанұлы, Серік Томанов, Баймаханбет Ахмет, Болат Бекжанов, Көсемәлі Сәттібайұлы, Бауыржан Үсенов, Ғайни Әлімбекқызы, Үміт Битенова, Маралтай Райымбекұлы, Хамит Есаман, Табиғат Абаилдаев, Данияр Әлімқұл, Нұржан Қадірәлінің кітаптары таныстырылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.