«Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру жұмыстары жуалы ауданында қарқынды жүруде. Жоба аясында аудандағы үлкен елді мекендердің бірі Нұрлыкент ауылдық округінің орталығы Нұрлыкент ауылында 180 орындық мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары толық аяқталды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сонымен, нұрлыкенттіктер көптен күткен 180 орындық мәдениет үйінің құрылысын жүргізуге Нұрлыкент ауылының Е.Байғазиев көшесінен жер бөлініп, аталған құрылыс 2020 жылдың қыркүйек айының 15-ші жұлдызында басталған болатын. Атап айтқанда, бұл жоба бойынша тараздық «Нұрбек» ЖШС жеңімпаз атанды. Жоба құны 101 миллион 360 мың теңге. Жобаның құрылысы облыстық бюджеттен қаржыландырылуда. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстары толық аяқталды.
Сонымен қатар аудан орталығы Б.Момышұлы ауылында орналасқан мәдениет үйінеде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жөндеу жұмыстарын «Вега» ЖШС жүргізуде.