Жас қызметшілерге жемқорлыққа қарсы лекция өткізілді

0 17

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті қызметкерлері ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалында үнемі мемлекеттік қызметшілерге үнемі сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған тақырыптарда лекциялар өткізуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Кезекті лекциямен түсіндірме жұмыстары облыс аумағындағы мемлекеттік  қызметке жаңадан келген азаматтарға өткізілді. Онда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін жауаптылық, мемлекеттік қызмет атқару барысындағы шектеулер, мүдделер қақтығысын болдырмау шаралары, сыбайлас жемқорлықты алдын алуда қолданатын жаңа механизмдер, қоғамның парасаттылыққа бейімделу тетіктері жайлы түсіндірілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.