ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, қызмет бабында қаза тапқан полиция аға лейтенанты Ерғали Сәкеновпен «Халық қаһарманы», полиция капитаны Ғазиз Әбдібекұлы Байтасовты еске алу мақсатында Талас ауданы, Қаратау қаласында орналасқан Денешынықтыру-сауықтыру кешенінде спорттық іс-шаралар өткізілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев ұйымдастырылған іс-шараның тағылымдық мәнін ерекше атап өтті. Турнирдің ашылу салтанатына полиция ардагерлері Сабыржан Байжанов, Нұрлыбай Айтжанов қатысты.
Ұйымдастырылған спорттық іс — шара кермеге тартылу, гір көтеру, арқан тарту, кіші футбол сынды спорт түрлері бойынша өткізілді.
Батырлар ерлігін ұлықтаған жарыста 4 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жалпы командалық есепте 1-орынды Жол патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлерінен құралған команда иеленді. 2 – орынды № 1 учаскелік полиция инспекторларының командасы жеңіп алса, 3-орын № 2 учаскелік полиция инспекторларының командасына бұйырды.
Жекелеген сайыстар бойынша кіші футболдан 1 — орынды Жол-патрульдік полиция командасы, 2 — орын № 1 учаскелік полиция инспекторларының командасы және 3-орынға № 2 учаскелік полиция инспекторларының командасы жайғасты.
Арқан тартудан 1 — орынды Жол-патрульдік полиция командасы, 2 — орын № 2 учаскелік полиция инспекторларының командасы, 3-орынды № 1 учаскелік полиция инспекторларының командасы алды.
Кермеге тартылу бойынша 1-орын иегері Мұса Сағындық атанса, 2-орынға Әбілдаев Асхат, 3-орынға Құрман Дастан жайғасты.
Гір көтеру бойынша 1-орын Тазабек Мақұлбек, 2-орын Құрман Дастан, 3 – орынға Наймантай Сұлтан марапаттау тұғырына көтерілді.
«Ер есімі – ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аға ұрпақтың, бүгінгі күннің батырларының ерлігі ешқашан ұмытылмайтындығы сөзсіз.