Мойынқұм ауданында Асар жобасы бойынша 2 үйдің кілті табыс етілді

0 2

Мойынқұм ауданында Асар жобасы бойынша 2 үйдің кілті табыс етілді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Асар –ұғымын қазіргі таңда көпшілігіміз қолданып та, біліп те жүрген жоқпыз. Себебі қазақ атамыз «Жұмыла көтерген — жүк жеңіл» деп, елдің бірігуі арқылы, мұқтаж жандарға көмек көрсеткен.

Күні кеше Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы және Жамбыл облысының әкімі Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ауданымыздың Көкжелек, Айдарлы ауылдарында 2 отбасы аталмыш жоба аясында баспаналы болды.
Алдымен Асар жобасы аясында үйдің лентасы Көкжелек ауылында кесілді.Игі шараға аудан әкімінің орынбасары Жақсыбек Исақов қатысып,аталмыш жобаның мәні мен мағынасын тоқталып, өңір басшысы Бердібек Мәшбекұлының бастамасымен жүргізіліп жатқанын тілге тиек еттіп,қоныстың жайлы болуын тіледі.Сонымен қатар Көкжелек ауылының Ардагерлер кеңесінің төрағасы Әскербек Нұрмайылов ақсақал Асар дәстүрі ауылдың бірлігі мен ынтымағын күшейтетінін айтып, қоныс иесіне батасын берді.
Бұдан соң үйдің иесі Талғат Достаев сөз алып, барша ауыл тұрғындарына алғысын айтты.

Негізінен асарлатып соғылып жатқан үйлер әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға ауыл тұрғындарының, кәсіпкерлердің демеушілігімен, ақсақалдар мен жастардың және округ әкімінің көмегімен жүргізілуде.
Айдарлы ауылында да әкімдік пен ауыл тұрғындарының көмегімен көп балалы жас отбасы үйлі болды.

Мұнда Біржан Бөкенов өз күшімен үйдің іргетасын қалап, қабырғаларын көтеріп қойыпты.Мұны көрген ауыл ақсақалдары мен ауыл тұрғындары ұжымдасып, ұмыт болған асар дәстүрімен көмек қолдарын созған.Ауыл тұрғындары карантин кездері санитарлық талаптарды сақтап, кезек-кезегімен келіп, бірі кірпішін тасып, бірі шатырды жабуға көмектескен.Игі шараға ауыл әкімдігі де ат салысқан.

Аталмыш үйдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Ж.Исақов қатысып, жас отбасыларға қоныстарының құтты болуын тіледі. Содан соң жаңа қоныстың лентасын қиып,кілтін жас отбасыға табыс етті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.