Мойынқұмда Көкпардан Жамбыл облысының кубогі өтті

0 2

Мойынқұм ауданының орталығы Мойынқұм ауылында 1-желтоқасан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай ұлттық спорт түрін дамыту мақсатында Көкпардан Жамбыл облысының кубогі өтті , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Алдымен ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ержан Әмірханов сөз сөйлеп,ұлттық спорт түрін дамыту ел Президенті Қ.К.Тоқаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандығын тілге тиек етіп,жарысқа қатысушы палауандарға сәтілік,жеңіс тіледі. Содан соң ауыл қариясы Қойайдар Бердіғұловтың батасынан кейін, қазақтың делебесін қоздыратын көкпар додасы басталып кетті.

Көкпар додасына жалпы 16 команда қатысты.  Сонымен, жан алысып, жан беріскен кездесу қорытындысында аудан әкімі Әлихан Балқыбеков сөз алып, ауданда ұлттық спорт түрінің дамып келжатқанын тілге тиек етіп, жеңімпаз командаларға жарысты  ұйымдастырушылар алқасының арнайы марапаттарын ұсынды

Leave A Reply

Your email address will not be published.