Жуалыда Pfizer «Комирнати» вакцинасын бүгінгі күні 288 адам салғызды. Олардың 253-і 12-17 жастағы балалар болса, 35-і емізулі ана. Бір қуантарлығы, күннен-күнге екпені салдыруға келісімдерін берген ата-аналардың қатары көбейіп келеді , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Сонымен қатар екпе салу үшін аудандық орталық емхана тарапынан үш екпе егу бригадасы құрылды. Екі екпе егу бригадасы — 12-17 жас аралығындағы мектеп оқушыларына екпені мектептердің медициналық кабинеттеріне барып салса, 1 — екпе егу бригадасы жүкті және емізулі аналарға арналған. Бұл контингентке екпе емхананың «Екпе егу» кабинетінде жүргізіледі. Және де екпе 2 компонентті. Яғни, 1-ші компонентті салған соң 21-28 күннен соң 2-ші компоненті салынады.