Талас ауданында су қорын жинақтау шаралары қарқынды жүргізілуде

0 5

Талас ауданында су қорын жинақтау шаралары қарқынды жүргізілуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Сондықтан ауданда алқаптарды суландыру жұмыстарын жандандыру мақсатында ерте бастан қам жасап, бірқатар шаруалар жүзеге аса бастады.

Мәселен, «Жамбыл су қоймасы» мекемесінің механикаландырылған жасағы облыстағы алғашқы жұмысын Қазақбай су қоймасының дамбасын нығайту шараларынан бастады. Бұл жерде аталмыш су қоймасының осы аймақтағы алқаптарды суландыру барысында атқаратын ролі зор екенін айта кеткен жөн.

Ал, қараша айының соңында Кеңес ауылдық округіне қарасты «Бөлек қызыл» және «Юбилейное» су қоймаларына ағын су қорын жинақтауға мүмкіндік беретін ұзындығы 1 шақырымды құрайтын Нұрабай каналы толық тазартылып, іске қосылды. Қазір оның арнасымен толыққанды су келіп жатыр.

Механикалық жасақтың жұмысы мұнымен шектелген жоқ. Олардың осындай тындырымды жұмыстары Үшарал ауылдық округінде де жалғасты.

Округте ұзындығы 500 метрді құрайтын Нұрабай, 1 шықырымды құрайтын ТХЗ каналдары толық тазартылып тоспалар тұрғызылды. Қазіргі таңда осы каналдар арқылы су келе бастады.

Бұл алдағы уақытта 2,5 мың гектар шабындықты суландыруға мүмкіндік бермек.

Аудан тұрғындары «Жамбыл су қоймалары» мекемесіне қарасты механикаландырылған жасақтың сақадай сай әзірлігіне, кәсіби қызметі мен сапалы еңбектеріне ризашылықтарын білдіруде.

Әрине, қамданған қапы қалмайды. Келер жылдың негізі бүгіндері қалана бастағаны шаруаларды да қуантуда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.