Сарысуда бір ай ішінде 1336 адам ревакцинацияланды

0 9

Сарысу ауданында «Pfizer» вакцинасын ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Ауданға балалар мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге арналған вакцинаның 1800 дозасы жеткізілген, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Сарысу ауданында «Pfizer» вакцинасын ерікті түрде қабылдаушылардың қатары артқан. Ауданға балалар мен жүкті және емізулі сәбиі бар әйелдерге арналған вакцинаның 1800 дозасы жеткізілген.

Жалпы аудан бойынша 6 вакцина егу пункті ұйымдастырылды. 2022 жылдың 11 қаңтардағы жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасын ауданда 870 адам ерікті түрде салдырған.

Сондай-ақ, ауданда ересектерді ревакцинациялау жұмыстары да жүйелі жүруде. Азаматтар соңғы екпе алған уақыттан 6 ай мерзім өткенде «KazVak», «HayatVak», «СпутникV» вакцинасының үшініші компонентін қабылдауға толық мүмкіндіктері бар. Өткен жылдың желтоқсан айында басталған ревакцинасы бойынша ауданда 1336 адам (11 қаңтардағы мәлімет) ерікті түрде екпе алған.

Сондай-ақ, ауданда екпе салу бойынша ата-аналарға түсіндірме жұмысын жүргізу үшін құрамында жергілікті амбулатория дәрігерлері мен психолог-социолог мамандары бар ақпараттық топ құрылған.
Жалпы халықты тіркеу жүйесі (РПН) бойынша ауданда екпе алуға жататын азаматтар саны 5 мыңнан асып жығылады. Олардың ішінде 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер саны – 4 723 болса, 16-37 апталық жүкті әйелдер саны – 313 адам. Сондай-ақ, бұл санатқа 175 бала күтімімен отырған ана кіреді.

Айта кетейік, еліміздің бас дәрігері халықты вакцинациялау және қайта вакцинациялау жалғасатынын, ол үшін шамамен 6,5 млн доза вакцинаны қосымша сатып алынатындағын айтты.

Ведомства басшысының мәлімдеуінше, елімізде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай күрт нашарлаған.

Leave A Reply

Your email address will not be published.