Тараз өңірлік университетінің 2 оқытушысы үздік атанды

0 9
Республикалық «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» дәстүрлі байқауында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің мұнай-газ және тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Арман Қабдушев пен химия және химиялық технология кафедрасының PhD докторы Маржан Қалмаханова үздік атанды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
Байқауда былтыр 76 жоғары оқу орнынан барлығы 718 үміткер бақ сынаған болатын.
Жақында республикалық конкурстың комиссиясы байқау қорытындысын шығарып, 45 білім мекемесінің 150 маманын үздік деп танылған.
Республикада үздік атанған тараздық оқытушылар енді арнайы төсбелгінің иегері ғана емес, жоғары оқу орнындағы миллионер мамандар. Өйткені, конкурс жеңімпаздарының әрқайсына 2 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы беріледі. Ал бұл, шамамен 6 миллион теңгеге жуық қаражат.
Айта кетейік, байқау Білім және ғылым министрлігінің ақпараттық жүйесінің базасында өтті. Соның арқасында қатысушыларда барлық кезеңнің ашықтығын бақылауға мүмкіндік болды. Өтінімдер мен құжаттар электрондық форматта қабылданған.
Leave A Reply

Your email address will not be published.