Бас прокуратура: қаңтар оқиғаларына байланысты әкімшілік істердің жартысын соттар ешқандай жаза қолданбай қарады

0 1

Бас прокуратура азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау және қаңтардағы оқиғаларда жасалған қылмыстардың мән-жайларын анықтау жұмыстарын жалғастыруда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Бас прокуратурасы 1-қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов хабарлады , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

«Ел Президентінің ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаны жеңілдету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында келесідей жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні соттар қаңтар оқиғаларына байланысты 9 257 әкімшілік істі қарады. Олардың жартысына жуығы ешқандай жаза қолданбай қаралды — 4 584 адамға сот ескерту жасады», — деді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.